Eskirmeitin än

[Chorus]

Ескірмейді бұл ән

Сақтап өтемін жүрегімде әрбір сәтті

Әрбір сөзді шыққан бұл ауыздан

Кеудемдегі жүрек

Іздеуменен әлек

Өзгелерден сенің бейнеңді
[Verse]

Мың бұралған бишілер

Қозғалады өз мәнерінде

Сені іздеймін ішінен

Қатып қалдым бір кейіпте

Тірі жан жоқ кілең кейіпкерлер

Несіне оларға бола кейіп күрсінем

Бұл жерде де жоқсың демек киіп үстіме

Пиджагымды кетемін бұл жер менікі емес

Бәрі болды қарашаның бір күнінде

Біреу есік қаққанда күтпеген сәтте

Шыдай алмай келіп тұр білмейд неге екенін

Миы әбден қойған талдауды әмірлерін жүректің

Қиып салғандай екеуін мелодраммадан

Есік ашылғанда бірақ тыныштық орнады

Ашу мен ренішке араласқан махаббат

Көргісі келмейді бірақ бармайды басқаға

Кім айтты қайталанбайды деп бәрі басынан

Ерке ашқысы келмейді құшаған Ерке шаршаған

Түсінеді ол да Еркені ол бәрін мойындаған

Өзі де байқамай қалды неге,қалай келіп қалғанын

Алмасқаннан кейін маңызы жоқ сөздермен

Білісіп амандығын отбасы мүшелерінің

Қош сау бол деп кетті

Жай басып төмен қарай

Қарашаның күнінде

Жаңбыр қоймайды тамшылай тамшылай

Қолшатыр бар еді, таба алмады қызық-ақ

Демек ұмытқан ғой Еркеге барғанында

Қақты есік тағы көтеріліп қайтадан

Ерке есікті ашып бірден алды құшаққа[Chorus]

Ескірмейді бұл ән

Сақтап өтемін жүрегімде әрбір сәтті

Әрбір сөзді шыққан бұл ауыздан

Кеудемдегі жүрек

Іздеуменен әлек

Өзгелерден сенің бейнеңді

Сақтап өтемін жүрегімде әрбір сәтті

Әрбір сөзді шыққан бұл ауыздан

Кеудемдегі жүрек

Іздеуменен әлек

Өзгелерден сенің бейнеңді

(Қоңырау шал, қоңырау қоңырау шал маған)Сақтап өтемін жүрегімде әрбір сәтті

Әрбір сөзді шыққан бұл ауыздан

Кеудемдегі жүрек

Іздеуменен әлек

Өзгелерден сенің бейнеңді