-Құлыным менің, сенің қандай тентектігің болсада, Әкең екеуміз көтеремізғой.
Қандай іс бастасаң да қолдаймыз,
Сол үшін еш уақытта еңсеңді түсірме!
Сенің қолыңнан бәрі келеді!
Уайым күн санап өсуде,
Сұрағым көп енді өзіме,
білемін...
Ата-ана үміті менде,
Қаратпасам екен жерге,
тілегім...
Достарым сынды көлеңке,
Күн шықса бір, бұлтта бөлек,
жүремін...
Иесі өзің бәрінің,
Үзілмес сенен Тәңірім
күдерім…
Менің ойым түп-түзу, түзу,
Өз бағытымның кемесімен жүзу,
Армандарға,
Жетелеші!
Сенің ойың түп-түзу, түзу,
Өз бағытыңмен кемесімен жүзу,
Арманыңа,
Жете берші!
Шыда, шыда
Шыдай түс, шыда тағы
Шыдамдыны мына өмір ұнатады
Үміттің Кұлан иек қула таңы,
Әйтеуір бір атады, бір атады...
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Болмайды түңілуге…
Менің ойым түп-түзу, түзу,
Өз бағытымның кемесімен жүзу,
Армандарға,
Жетелеші!
Сенің ойың түп-түзу, түзу,
Өз бағытыңмен кемесімен жүзу,
Арманыңа,
Жете берші!